Премьер-министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады. Айта кетейік, саммитке Қырғызстан басшысынан бөлек Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.