Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Соғыс ардагерлеріне барлық өңірде құрмет көрсетілді. "Аманат" партиясының жергілікті өкілдері өткен ғасырдың батырларына сый-сыяпат жасап, тағзым етті. Елін жаудан қорғаған жандарға құрметтің қай түрі де жарасымды. Шымкентте жаудың бетін қайтарған ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Мерекелік шараны “Аманат” партиясының жергілікті өкілдері ұйымдастырды. Биыл Шымкентте Жеңістің 79-шы көктемін бар-жоғы екі-ақ ардагер қарсы алды. Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бізде «Аманат» партиясының «Жастар рухы» арнайы өздері жоспар жасап, қар жауған кезде, сел жауын жауған кезде немесе қатты жел болған кезде арнайы барып тұрады. Және көктемде, күзде тазалық жұмыстарын, бояйтын жағын, шатырларын қарап беруге арнайы «Жастар рухы» барып жатады. Жапан түзде жаумен алысқан Жамбыл облысының 8 ардагері де ескерусіз қалмады. Оларға жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңге сыйақы берілді. Қайсар қарияларды “Аманат” партиясының бір топ белсенді жастары құттықтады. Әбдімомын ӨТЕГЕНОВ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРІ: Иә, Құдайым бақ берсін, Қыдыр дарысын, пайғамбарымыз қолдасын, отбасы үй-іші бала-шағаларар, ағайын туғандарыңнан зор денсаулық кетпесін, дәулет берсін! Еш уақытта жақтарың түспей жаманшылық көрмеңдер! Қарындарың тоқ болсын, уайымдарың жоқ болсын! Ойнап күліп жүре беріңіздер барлығыңыз да! Рақмет, Әумин! Сондай-ақ Ақтөбелік “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері Батырлар аллеясын тазалады. Ескерткіштердің бүлінген тұстарын қалпына келтіріп, жуып шықты. Осылайша батырларға тағзым етуді жылдан-жылға жалғамақ. Әлішер ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ: Жастарымыз жалпы жеңістің қалай ауыр келгенін біледі. Сол себепті тарихын ұмытпай әрқашан осындай жақсы істермен айналысуға дайын. Бұл бір реттік акция емес. Әрі қарай осындай акцияны міндетті түрде жалғастырамыз. Жаужүрек жандарға құрмет көрсету кеңдік болмаса, кемдік етпейтіні анық. Әсіресе кешеден бүгінге жеткен ардагерлерді құрметтеу - өскелең ұрпақ үшін парыз!

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде шахтерлерге 165 млн теңге жалақы төленбеген
«AMANAT» партиясының мүшелері Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқандардың рухына тағзым етті
От құдайы оянды
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды