«Сол қызды алмасам, өлемін»: Әнші Өктем Алтаев жарымен қалай танысқанын айтты

Әнші Өктем Алтаев «Ұйқым келмейді» бағдарламасында хитке айналған әндерінің шығу тарихын және жарымен қалай танысқанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.Әншінің «Не жаздым мен жаным саған» атты әнін тыңдамайтын адам кемде-кем еді. Өнер иесінің айтуынша, халық арасында кеңінен таралған бұл ән оның алғашқы туындысы екен. «Бір қызбен сөз байласып, үйленетін болып, соған қарай жоспарлап құрып жүрдім. Бірақ ол қыз маған бұйырмады. Мен ауылдың баласы болғандықтан сәл ұяңдау болдым. Қыздарға пысық, еті тірі, шоқ жігіттер ұнайды ғой. Мен сәл сенімсіздік таныттым ба, басқа жігітке тұрмысқа шығып кетті. Мені таңдамады. Бірақ екеуіміз үйленетін болып келісіп қойған едік. Ол қыз тұрмысқа шығып кеткен соң мен бірден күйзеліске түсіп кеттім. Үйленбей жүріп алдым. 25 жасымда үйлендім», – дейді Өктем Алтаев. Әнші жарымен Ташкент қаласында танысқанын айтады. Бір көргеннен кейін үйленуге шешім қабылдап, ән арнаған. Қазір екеуі төрт баланың ата-анасы атанып отыр. «Достарым қызбен таныстырмақ болып еді, мен ат тонымды ал қаштым. Қызды әдемі, жақсы отбасыдан шыққан деп сипаттады. Содан 6 шілде күні бардым. Сол қыздың үйінде туған күн болып жатыр екен. Өзін бір-ақ рет көрдім. Маған бір қарады да жоқ болып кетті. Қашан келеді деп елеңдеп отырдым. «Енді жанымнан кетпеші, мен сенен сұранамын» деген жер сол ғой. Бір көріп ғашық болып қалдым. Соңына дейін көрінбеді, кейін өзім іздеп бардым. Бір рет вальске шақырып, вальс биледік. Содан үйге келдім, түнімен ұйықтай алмадым. Таң атқанша сол қыздың бейнесі көз алдымнан кетпеді. Анама келіп үйленетінімді айттым. Сол жылдары қиын заман болды, тойға ақша жоқ. Анам біраз кідіре тұруымды өтініп еді. Ал мен «Сол қызға үйленбесем өлемін» деп бой беремедім. Екі рет кездестік, үшінші кездесуімде алып қаштым. Бізде алып қашу қалыпты нәрсе болса, Ташкент жақта алып қашуға болмайды екен. Кейін қайта апарып тастап, құда түсіп, батасын алып, той жасап алып келдім», – дейді әнші.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындар кестесі белгілі болды
Қамаудағы «Дикий Арманға» қатысты сот үкімі шығады
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шымкентте екі қабатты мейрамханадан өрт шықты
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті