Әнші Жазира Байырбекова ұлы Қазбекке қыз таңдауда қандай кеңес беретінін айтты. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ұлы жақсы көрмей қалған арумен қосыла жылаған кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Қазбекке "Ашық-шашық киінген қыздан қорықпа. Оның жан-дүниесі жақсы болуы мүмкін. Денесіне татиуровка салған қыздан да қорықпай-ақ қой. Ондай қыздар да жақсы болуы мүкін. Жасы ұлғайған сайын адамның ұяты келеді. Жабынады. Сен кімді жақсы көресің, мен соны жақсы көрем" дедім. Енді менің ойымша, сәті түспей жүрген шығар", - деді Жазира Байырбекова. Сонымен қатар әнші ұлы таныстырған қызбен қосыла жылағанын еске алды. "Баяғыда бір қызымен танысқан болатынмын. Ол кезде Қазбек бала. Ол қызды Қазбек жақсы көрмей қалды. Мен сол қызбен қосылып жыладым. Содан кейін Қазбек "Қыздармен қосылып жылайтын болсаңыз, мен ешқандай қызбен таныстырмаймын. Үйленетін кезде ғана таныстырамын" деді. Солай болып қалды", - деді әнші.