Солтүстік Қазақстан облысында 30 елдімекенді су басу қаупі бар

Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасы арнасынан асты. Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр. Оған жақын орналасқан 30 елдімекенге қауіп бар. Петропавл қаласы мен Тайынша ауданында төтенше жағдай жарияланды.Тасқыннан Тайынша ауданы зардап шекті. Еріген қар суы үш ауылдың ішіне кірген. Әсіресе Красная поляна елдімекенінде жағдай күрделі. Бұл жерде 8 үйді су басқан. Ядвига КНАУБ, КРАСНАЯ ПОЛЯНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 2016 жылы бізді кенеттен су басты. Ал биыл біз тасқынның болатынын әу баста білгенбіз. Сондықтан дайын болдық. Алдын ала су сорғысын алып, үйге кірген суды бірден сыртқа төгіп жатырмыз. Облыс бойынша 28 жолды су басты. Кейбір жерде еріген қар суын өткізу үшін төтенше жағдай мамандары жолды қопарып тастаған. Жалпы 8 елдімекенге су кірген. Қазір ол аумақтардағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде. Мұрат ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізге Түркістан облысынан 56 құтқарушы келді. Қазір облыс бойынша төтенше жағдай қызметкерлері мен полиция департаментінің тарапынан 500ден астам адам мен 150 техника жұмылдырылған. Бүгінде жағдай тұрақты. Әзірге су сорғылары мен техника жеткілікті. Жақын арада Ақмола облысынан еріген қар суы келуі мүмкін. Сондықтан біз жағдайды күні-түні бақылап отырмыз. Кеше кешке Солтүстік Қазақстандағы ең ірі су қоймасы арнасынан асып, Есіл өзенінде су деңгейі көтерілді. Казгидромет мамандары, бір аптада жағдай күрделене түседі дейді. Наталия ЛЕВИНА, “ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сергеев су қоймасында өзен деңгейі шарықтау шегіне жеткен кезде біз Петропавлда судың қаншалықты таситынын айта аламыз. Қазір Ғабит Мүсірепов ауданында су күрт көтеріліп жатыр. Ол жерде өзен деңгейі 1.5 метрге көтерілді. Сергеев су қоймасында да су көлемі тез ұлғайып жатыр. Жалпы биылғы көктемде Петропавл арқылы өтетін судың көлемі 2.4млрд текше метріне жуықтайды деп болжамдап отырмыз. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен бірдей. Сергеев су қоймасынан тасыған су Петропавлға шамамен бір аптадан соң келеді. Жағдай бақылауда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қайрат» жаңа маусымға дайындығын бастады
Мақтаарал ауданының Білім бөлімінде істейтін 43 қызметкер 2,4 миллиард теңгені жымқырған
Бүгін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қанша?
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты