Солтүстік Қазақстан облысында екі көпір апатты жағдайда тұр

Солтүстік Қазақстан облысында екі ірі су қоймасындағы көпірлер апатты жағдайда тұр. Әбден тозған өткел бөгетке қауіп төндіре бастаған. Стратегиялық маңызы бар нысан қашан жөнделеді? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин айтады.Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Қызылжар өңірінде екі ірі су қоймасы бар: Петропавл мен Сергеев. Қос нысан өткен ғасырдың 70 жылдары Есіл өзенінің бойында салынған. Тоғыз жолдың торабындағы көпір жарты ғасыр жөндеу көрмеген. Соның салдарынан өткелдің беті және астындағы тіреуіштері әбден тозып тұр. БЛИЦ: - Мына көпірмен жүру өте қиындап бара жатыр. Оның жағдайын бүкіл қала біледі. Жүру мүмкін емес. Шұрық-тесік. Адам түгілі, машинаның өзі қиналып кетеді өтуге. - Басқа жол жоқ. Ана мост ол, мына мост ол, екеуі бірдей. Гидротораптарға "Қазсушар" мемлекеттік мекемесі жауапты. Құзырлы орган 12 жылдан бері бөгетті жөндеу керек деп дабыл қағып келеді. Ал арнайы тексеріс жұмыстары тек былтыр ғана жүргізіліп, қос көпір апатты деп танылған. Алайда, жаңғырту жұмыстарына қаражат әлі бөлінбеген. Мекеме өкілі нысан қосымша күрделі тексерісті қажет етеді, дейді. Шұғайып ИБАТУЛЛИН, “ҚАЗСУШАР” СҚОФ ДИРЕКТОРЫ: Көпірдің апаттығы көп нәрсеге байланысты. Көп нәрсені жөндеу керек. Оған бізге бюджеттен ақша бөлінген жоқ. Сметалық құжаттар әлі дайындалған жоқ. Себебі, қайтадан тексеріс өткізу керек. Ал облыстық мәслихатқа жуырда ғана депутат боп сайланған Ербақыт Амантай жөндеу жұмыстары мәселені тек уақытша ғана шешетінін айтады. Ол жолды жүк көліктері бұзып жатыр деп есептейді. Сондықтан қаражатты желге ұшырмау үшін арнайы таразы орнату керек, дейді. Ербақыт АМАНТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Сол жолмен күніне жүздеген, тіпті мыңдаған жүк көліктері өтуі мүмкін. Ал өтіп жатқан жүк көліктерінің салмағын ешкім бақылап жатқан жоқ. Рейдтер кезінде ғана емес, күнделікті көпірдің қасына келген көлік өтетін кезде оның қандай салмақпен келгені өлшеніп тұру керек. Егер олай істемейтін болсақ, миллиардтап бөліп жатқан ақшамыз топыраққа сіңген су сияқты жоқ болып кетіп жатыр. Апатты жағдайда тұрған көпірлерді жөндеу жұмыстарының қашан қолға алынатыны белгісіз. Әзірге құзырлы орган аталған жолмен жүк көліктерінің қатынауына уақытша тыйым салмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылық сотталды
Өзбекстандық тістеп алған: аппеляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Көктайғақ, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Жігіттермен төбелескен: Атышулы трансгендер қамауға алынды
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Петропавлда өз пәтерінде қамалып қалған зейнеткер құтқарылды
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)