Солтүстік Қазақстан облысында тұтқын колониядан қашып кетті

Полиция Солтүстік Қазақстан облысында қауіпсіздігі ең төмен колониядан қашып кеткен сотталушыға іздеу салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы колониядан 38 жастағы ер қашып кеткен. Ресми деректерге сәйкес, ол ұрлық жасап, көлік ұрлағаны үшін үш рет сотталған. Сондай-ақ ол екінші рет жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеген.Үшінші рет – 2022 жылдың маусым айында трактордың шөп шапқышын, сонымен қатар ауыл тұрғындарының түрлі металл бұйымдары мен жүк көлігін ұрлағаны үшін 4,5 жылға сотталған. Сотталушы өзінің бұл әрекетін ақшаның жоқтығынан және мас болғандықтан бардым деп ақталды. Ол биыл 8 сәуірге дейін жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, кейін ең төменгі режимдегі колонияға ауыстырылған еді. “Сотталушы жұмыстан кейін қоныс колониясына қайтып оралмаған. Оны іздеу жұмыстарына мекеме мен Қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды”, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі. Сондай-ақ департаменттегілер ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар колониядан тыс жерде жұмыс істеп, жұмыс уақыты біткенде қайтып келетінін атап өтті.Ер адам қайтар жолда көрсетілген маршруттан ауытқып, қашып кеткен. Ол заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елордалық жастар лудоманияға қарсы әлеуметтік акция өткізді
"Енді әже болуды бұйыртсын". Роза Әлқожа жақсы жаңалығын айтты
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Елордалық жастар лудоманияға қарсы әлеуметтік акция өткізді
"Енді әже болуды бұйыртсын". Роза Әлқожа жақсы жаңалығын айтты
Павлодарда мүгедектігі бар әйел жоғалып кетті
Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртенді
Үй тазалап танымал болған жігіт халықтан сүйінші сұрады
Министр: Ұлытау өңірінің егіс көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндігі бар
Еуро-2024 плей-офф кезеңінің алғашқы қатысушысы анықталды
Елімізде несие беру талаптары өзгереді: Президент тиісті заңға қол қойды
Қара бетперде таққан жігіт жұбайынан айырылған жалғызбасты әкеге үй сыйлады
«Өз ұлтыңның қызына үйлен, біздің қателікті қайталамаңдар!»: Мұхтар Әуезовтің «үш ақылы» тарады
"Құдайдан олай тілемеші". Гүлзира Айдарбекова келінмен бірге тұрмаймын деген Меруерт Түсіпбаева кеңес берді
«Тегін дәрі-дәрмек шетелге сатылып жатыр»: бұрынғы денсаулық сақтау министрі ауруханалардағы жемқорлық туралы айтты
"Бірінші баладан кейін ұра бастады". "Меломен" тобының әншісінің бұрынғы әйелі көрген қорлығын айтты
Александр Бублик былтырғы титулын қорғай алмады
Алматыда көп қабатты үйдегі өрттен 50-ге жуық адам эвакуацияланды
Елордада есірткіге қарсы акция өткізіледі
Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 50-ге жуық адам эвакуацияланды
"Тегін берген дәрі-дәрмек шетелге сатылып жатыр" - бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов
Қарағанды-Балқаш тас жолында жол апатынан екі адам қайтыс болды
"Райм мен Еркенің махаббатының сырын айтамыз". Ерке Есмахан қызық жазба жариялады