Солтүстік Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауылында қаңғыбас иттер қойды талап жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауылында қаңғыбас иттер малды талап жатыр. Ауыл ішінде қаптаған ит ара-тұра адамдарға да атылатын көрінеді. Төрт аяқтылардан әбден шаршаған жұрт не істерін білмей дал. Ал құзырлылар шарасыз екендерін айтады. Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин тарқатады. Бәйтерек ауылының жұртынан маза қашты. Қаңғыбас иттер бүтін бір ауылды үрейлендіріп отыр. Тек бір жазда жабайы төртаяқтылар елдімекеннің бірнеше қойы мен қаз-үйрегін жеп қойған. Ал кеше Жұпархан Мұсабайдың өрістегі малын талап тастапты. Жұпархан МҰСАБАЙ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Аң болып, қасқыр болып кеткен иттер. Таң атқанда орманға кетеді. Кешке қарай мал қайтқанда топ-топ болып келе жатады. Ертең қыста мектептің балалары күнде, түнде жүреді. Далада жейтін итте тамақ жоқ. Ол ашыққаннан кейін адамға шабады ғой? 15 ит келсе, менің өзім не істеймін? Түк істей алмаймын. Мені жеп қояды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қаңғыбас иттер соңғы екі жылдың аралығында тым қаптап кеткен. Төртаяқтылар ауыл маңайындағы қоқыс полигонынан келетін көрінеді. Қазір жұрт балаларына алаңдап отыр. Себебі, соңғы кезде жабайы жануарлар адамдарға да атыла бастаған. Рина СОВЕТХАНҚЫЗЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Наурыз айында мектептен шыққан қызымыздың балтырын ит тістеп алды. Баланың ем-домын өзіміз алдық, қараттық. Кішкене сызып кеткен. Сол оқуға жіберуге қорқамыз. Сразу барып аламыз машинамен. Болмаса өзіміз барып ертіп аламыз. Ал құзырлы органдар биылдан бастап ит атуға тыйым салынғанын айтады. Заңға сәйкес бұдан былай қаңғыбас жануарды аулап, арнайы мекемеге орналастыру қажет. Ал мұндай мекеме әзірге тек Петропавлда бар. Аманжол НҰРТАЗИН, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында арнайы жер бөлінген. 0.5 гектар аумақ Ольшанка ауылының маңында орналасқан. Сол жерде приют тұрғызылатын болады. Ол приюттің аумағы 0.5 гектар жер болады. Сметалық құжаттамасы дайын. Бұл мақсатқа 30 миллион теңге қарастырылған. Ол салынғаннан кейін қаңғыбас иттер сол жерге қамалатын болады. Жыл басынан бастап қалада 200-ге жуық ит-мысық ұсталған. Ал облыс көлемінде қаңғыбас төртаяқтыларды аулау ісі жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан аудандарда жануарларға арналған жаңа мекемелер салынбайынша, тұрғындар мәселесі шешілмейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді