Солтүстік Қазақстанда әйелді атып өлтірген орманшыға қатысты сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстанда әйелді атып өлтірген орманшыға қатысты сот үкімі шықты. Атышулы оқиға өткен жылдың шілде айында болған еді. Бауман ауылының учаскелік полицейімен бірге заңсыз аңшылыққа шыққан орманшы абайсыздан жануарды адаммен шатастырып, атып жіберген. Артынша қансырап жатқан әйелге бірден көмек көрсетпесе керек. Салдарынан оққа ұшқан ауыл тұрғыны қан жоғалтып, қайтыс болды. Елді елең еткізген оқиға немен аяқталды? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин айтады.Орманшы мен учаскелік полицейдің бейжайлығынан бұқараның төбе шашы тік тұрды. Сергей Лосеня әйелді атқан соң оған дереу көмек көрсетудің орнына, тәртіп сақшысымен бірге мылтықты тығуға кіріскен. Ал біршама уақыт өткеннен кейін жәбірленушіні ауылдық медициналық бекетке апарған. Фельдшердің алғашқы көмегінен кейін, аудандық ауруханаға бара жатқан жолда Алтынай Мұздақбаева көп қан жоғалтып, қайтыс болды. Араға жарты жыл салып, сот бұл оқиғаға нүкте қойды. Азамат ДҮЙСЕНОВ, СҚО МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Сот ҚР қылмыстық кодексінің 104 бабы бірінші бөлімі бойынша Сергей Лосеняні кінәлі деп тапты. Айыпталушы 3 жыл ортақ режимдегі колонияда жазасын өтесін. Бұдан бөлек, марқұмның туысқандарына моральдық өтемақы ретінде 3 миллион теңге төлеуі тиіс. Марқұмның баласы соттың бұл шешімімен келіспейді. Алтынбек САЙЛАУОВ, МАРҚҰМНЫҢ БАЛАСЫ: Адамның өмірі бағасыз болып кетті. Айыртау ауданында аңшылар елікке аңшылыққа шығып, 6 жылға сотталып жатыр. Ал мына жерде адам өлтіріп, адамның жанын алып, үш жылға сотталған дегенді мен білмеймін. Ал марқұмның жолдасы Ғалымжан Мұздақбаев әйелін Сергей Лосеняның емес, учаскелік полицейдің қолынан қаза тапты деп есептейді. Ғалымжан МҰЗДАҚБАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ЖОЛДАСЫ: Лосеня менде жұмыс істеді. Оны пенсияға шығарған мен. Өзімнің шоферым болды. Оны мен жақсы білемін. Ол ата алмайды. Наверное ол ұйықтап жатты. Ал атқан оны Қабай. Участковый әрдайым аңшылыққа шығып жүрді. Оны ауылдың бәрі біледі. Ал учаскелік полицей Қабай Әлтеевтің ісі бөлек қаралып жатыр. Тәртіп сақшысы қызмет барысында бейжайлық танытқаны үшін жауапқа тартылған. Бұл іс бойынша сот үкімі бірер күнде жарияланбақ. А. Құрманкин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 100-ден астам танымал тұлғаның бейнесі қойылды
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
АҚШ үкіметі тек екі жынысты мойындайды – Трамп
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті