Солтүстік Қазақстанда егін орағы кестеден кешеуілдеп жатыр

Солтүстік Қазақстанда егін орағы кестеден кешеуілдеп жатыр. Қолайсыз ауа райының салдарынан шаруалар піскен астықты жинай алмай әуре. Тек Қызылжар өңірінің өзінде 250 мың гектар жерде егін дестеленіп, әлі күнге дейін орылмаған. Қостанайда да жағдай қиын. Аймақтардағы ахуалды тілшілеріміз жеткізеді. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Бірнеше күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр шаруаларды шаршатты. Жаз бойы қуаңшылыққа алаңдаған олар енді аспан қашан ашылады деп күтіп отыр. Көбі бидай артығымен піссін деп, егінді шауып қойған. Алайда, жоғары ылғалдықтан жердегі дән қайта көктеп жатыр. Максим ЗОЛОТИЛИН, ДИҚАН: мен 600 гектар жерге егін ектім. Сапасы енді жақсы болмайтыны анық. Мұндай бидайдың құны 50 мың теңгеден аспайды. Оны сату да оңай емес. Биыл шығынға белшеден батуым мүмкін. Бүгінде аймақ бойынша астықтың 32 пайызы ғана орылған. Диқандар жоспардан екі есе кешігіп жатыр. Ал ауыл шаруашылығы басқармасы жауын шашыннан әу баста хабардар болғанын айтады. Тек шаруаларды ақпараттандыру ісінде осалдық танытқан көрінеді. Сан мәрте жиын өткізумен әлек болған шенеуніктер енді тек ауа райына сенім артып отыр. Мейрам МЕҢДІБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Аяқтауды қазір нақты айта алмаймын. Оның бәрі ауа райына байланысты. Біз де енді жай отырмай. Үлкен жиын жасап, үлкен аудандармен, ауыл шаруашылықтармен бәрі жеткізіп айтып жатырмыз. Тұрмау керек, бәрін посменно жасау керек. Жиындардың көмегі - біз толық ақпарат береміз. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Бүгінде өңір бойынша үшінші класты астықтың небары 280 мың тоннасы ғана қамбаға құйылған. Ал көршілес Қостанайда жағдай қалай? Ол туралы әріптесім Заңғар Санай айтады. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Тобыл өңірінде де апталап жауған ақ жауын күзгі жиын-терім жұмыстарын тоқтатты.Бүгін ғана күн ашылды.Бірақ батпаққа айналған алқапқа техника кіре алмай тұр. Қыркүйектің нөсері шаруаларды қыруар шығынға ұшыратты.Бітік шыққан бидайдың ылғалдылығы артып, сапасы төмендеп кетті. Облыс бойынша астықтың 24 пайызы ғана орылған. Оңтүстік аудандардағы өнім шығымдылығы небәрі 3-4 центнер. Оның өзі жаңбыр астында қалды.Аймақтағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің айтуынша, қамбадағы астықтың 20 пайызы ұн тартуға жарамсыз. Рысты БАЙЕКЕНОВА, «ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ САРАПТАМАСЫ» АҚ ҚОФ МАМАНЫ: Биыл осы лабораторияға келіп жатқан тұқымдардың ылғалдылығы өте жоғары.Содан кейін өсуі де, қоймаларда сақтау да өте қиынға соқтырады. Шаруалар азық-түлік келісім шарт корпорациясынан былтырғы астықтан тұқымдық алуға өтініш білдіруде. Биылғы өнімді сақтап қалу үшін тез арада кептіру керек. Кептіргіш құрылғылары жоқ диқандар элеватор жағалап жүр. Диқандар төтенше жағдай жариялау керек деп отыр. Марат АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Шынында да кейбір жігіттер айтады жинау керек пе,керек емес пе деп. Өйткені бәрібір оны элеватор қабылдап алмаса. Біз оның бәрін кептіре алмаймыз.Қоймамызда шіріп кетеді. Сол себептен бүгінгі күні қандай да бір шешім шықты деп айтуға болмайды. Басқарма өкілдері министрліктен жұмыс тобы келіп,диқандармен кездескенін мәлім етті.Астаналық атқамінерлер лизингпен берілетін мобилді кептіргіш лимитін арттырып, агрегатты шұғыл жеткізу жағы шешілгенін айтқан. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Сондай-ақ астықты кептіруге жеңілдетілген бағамен қосымша дизель отыны бөлінген. Шаруалардың несие мерзімін кейінге шегеру мәселесі де көтеріліпті.Ал шығынға ұшыраған диқандардың жағдайы министрлік деңгейінде қарастырылып жатқан көрінеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды