Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей сотталды

Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей қылмыс кезінде бейжайлық танытқаны үшін сотталды. Былтыр шілде айында Бауман ауылының тәртіп сақшысы Қабай Әлтеев орманшымен бірге аңшылыққа шыққан. Артынша орманның ішінде сыбайласы Сергей Лосеня әйелді жануармен шатастырып, оптикалық мылтықпен атқан. Адамға оқ тигізгенін түсінген соң, олар жәбірленушіге көмектеспей, қарудың көзін жоюға тырысқан. Салдарынан көп қан жоғалтқан ауыл тұрғыны ауруханаға бара жатқан жолда бақилық болды. Бірер күн бұрын орманшы Сергей Лосеня бұл қылмысы үшін 3 жылға сотталды. Ал учаскелік полицей Қабай Әлтеевтің ісі сотта бөлек қаралды. Прокурор оның әрекетсіздігі үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап етті. Алайда, судья айыпталушының отбасылық жағдайын ескеріп, жазаны сәл жеңілдетуді жөн көрді. Ал марқұмның туыстары оныменк еліспейді.Азамат ДҮЙСЕНОВ, СҚО МАМЛЮТ АУДАНЫ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Сот Қабай Әлтеевті кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Ол құқық қорғау және мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылады. Айыпталушы өз жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді. Алтынбек САЙЛАУОВ, МАРҚҰМНЫҢ БАЛАСЫ: Сот шешімі көңілімнен шықпады. 5 жыл деген аз. Анамды атқан винтовка табылмады. Егер зейнеткердің кінәсі болса, қаруды олар тапсыру керек еді. Бірақ олар тығып тастады. Онда Әлтеевтің саусақтарының ізі бар шығар деп ойлаймын. А. Құрманкин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлер мемлекетке қайтарылды
«Рухтастар» сыйлығы: Үздік жастар марапатталды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті