Солтүстік Корея туристер үшін шекарасын ашты

2020 жылдан бері Covid-19 инфекциясының таралуына байланысты елге бірде-бір саяхатшы кіре алмаған еді. Араға төрт жыл салып Солтүстік Корея алғаш рет туристерін қарсы алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.The Telegraph басылымының жазуынша, бүгін, төрт жылдан кейін Корей Халық Демократиялық Республикасына кіруге рұқсат алған алғашқы туристер - Ресей Федерациясының азаматтары. Арнайы туристік виза алған ресейліктер Солтүстік Корея аумағында төрт күн болады. КХДР-ға бағытталған турды ресейлік туроператорлар сатады. Яғни, ресейлік туристер Владивостоктан Пхеньянға және Солтүстік Кореяның Масикрёнг тау шаңғысы курортына бара алады. Тау бөктеріндегі белсенді демалысты әдемі пейзаждармен үйлестіруге болады. Жол жүру құны - бір адамға 750 доллар (337,3 мың теңге). Бұл сомаға бес жұлдызды қонақүйде екі түн және төрт жұлдызды қонақүйде бір түн түнеу кіреді. Ресей Федерациясынан КХДР-ға мұндай турлар тұрақты бола ма, әлде бұл бір реттік оқиға ма, түсіну қиын, бірақ төрт жыл бойы шетелдіктерден толығымен оқшауланған ел үшін бұл үлкен қадамның бірі. Дегенмен, Солтүстік Кореяға кез келген адамды кігізе бермейді - оның шекаралары батыс елдерінен келген туристер үшін жабық күйінде қалады. Еске салайық, Солтүстік Корея коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2020 жылдың басында туристер үшін шекарасын толықтай жауып тастады. Сол сәттен бастап шетелдіктердің КХДР-ға кіру мүмкіндігі шектеулі болған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші небәрі 2,5жылға сотталды
Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды