Күн сәулесіндегі соңғы белсенділік Қазақстанның солтүстік ендіктерінде Солтүстік шұғыласының жаңа толқынын тудырды. Қостанай облысының тұрғындары түрлі фотосуреттерді бөлісті.Аспанның ашық қызғылт, жасыл түске боялғанын әсіресе Сарыкөл, Қостанай, Лисаковск аудандарының тұрғындары байқады,-деп жазады KAZINFORM.Бұл құбылысты сонымен қатар Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана маңында тұратындар да байқаған.