«Солтүстік пен шығысты газдандыру бойынша түпкілікті шешім 1 мамырға дейін қабылдануы тиіс», - Ә.Смайылов

Астана әлі де «көк түтінге көміліп» тұр. Бүгін Үкімет отырысында Әлихан Смайылов осылай деді. Оның сөзінше, елорда тұрғындарын газға қосу төмен деңгейде қалған. Себебі газдандыру мәселесінде әлі шикілік көп. Басқа өңірлердегі жағдай да осыған ұқсас деді. Ал кей елдімекендерге тіпті газ бармаған.Биыл 1800-ден астам елді-мекенге газ тартылып, 12 млн астам қазақстандық «көгілдір отынға» қол жеткізуі керек. Үкімет отырысында Әлихан Смайылов жауаптыларға осындай меже қойды. Себебі әлі күнге дейін өңірлерді газдандыру жұмысы баяу жүргізіліп жатыр деді. Мәселен, солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша жауаптылар салғырттық танытқандықтан, мәселе шешілмей жатқанын айтты. Премьер-министр бұл жұмыстарды 1 мамырға дейін түпкілікті шешуді тапсырды. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Осыған байланысты Мемлекет басшысы еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың тиімді нұсқасын таңдауды тапсырды. Бұл өңірлердің тұрғындары газды көптен күтіп жүр. Ал, біз қай нұсқаны басшылыққа алуымыз керек? Бұл туралы Энергетика министрлігі мен QazaqGaz-да әлі күнге дейін толық нақты жауап жоқ. Бұл мәселенің нүктесін қоятын уақыт жетті. Үкімет басшысы көгілдір отын жеткізілген өңір әкімдеріне жұмыс істеу керек деп сын айтты. Себебі Астана, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындарының газға қосылуы төмен деңгейде қалып отыр. Өйткені, газға қосуға рұқсат құжатын алу қиын әрі бағасы тым қымбат. Ал энергетика министрі газға қосылу құнын нақты қаншаға төмендете алатынын дөп басып айта алмады. Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: Айту қиын, жабдықтың бірнеше түрі бар. Оны үйге кіргізу керек, сонан соң есепке алу жүйесі, қазандықтар бар. Мұны жабдықтың құнына қарай есептеу керек. Өйткені ол бізде өндірілмейді. Біз оны сырттан әкелеміз. Егер біз ауқымды газдандыру бағдарламасын қолға алатын болсақ, ол материалдардың өндірісін жерсіндіру жолын ойластыруымыз керек. Сондай-ақ, үкімет басшысы министрлікке тозығы жеткен газ құбырларын бақылауға алуды тапсырды. Себебі, еліміздегі газ желілерінің тозуы шамамен 60%-ке жеткен деді Әлихан Смайылов. Ал оларды қалыпқа келтіру үшін қазынадан қомақты қаражат қажет екендігі белгілі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады
Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан ел чемпионатының үздіктері атанды
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Қостанай облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп жүрген
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті