Солтүстік теңіздегі дауыл норвегиялық круиздік лайнердің қозғалысына кедергі келтірді – жел кеме капитаны тұрған жердің терезесін сындырып, навигациялық құралдарды зақымдады. «МИР 24» телеарнасының ақпаратына сәйкес, 266 жолаушы мен 131 экипаж мүшесіне қазір қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Kazinform.Кеме Норвегиядан Ұлыбританияға бағыт алған, онда да сол уақытта дауыл күшейіп тұрған еді. Елдің шығысында жел екпіні теңіз жағалауы мен Йоркшир графтығының орталық аудандарында секундына 37 метрден асты. 168 әуе рейсі тоқтатылды. Теміржол пойыздары өз сапарын жалғастыра алмай тұр. Тасжолдардағы қозғалыс та қиындаған, кей жүк көліктерін жел аударып, жолдан шығарып жіберіп жатыр. Жел ондаған ағашты құлатып, үйлердің шатырын ұшырды. Қала мен ауылдарда мектептердегі сабақ тоқтады. 40 мыңға жуық үйде электр қуатымен проблема туындады.