Соңғы 10 жылда солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халық үздіксіз көшіп жатыр

Өңірлерде шешілмей тұрған проблема шаш етектен. Баспананың жоқтығы, кадр тапшылығы, жұмыссыздық, жолдың нашарлығы, ауыз су мен интернет сапасы. Ауылдағы ағайынның тұрмысы алаңдатарлық жағдайда. Бүгін Сенат депутаттары мен Үкімет бірқатар мәселелерді көтеріп, шешудің жолдарын қарады. Толығырақ, әріптесім, Ақбота Базарбай тарқатады.Бүгін Үкімет сағатында аймақтардың дамуы талқыланды. Парламенттік тыңдалым әдеттегідей министрлердің мінсіз есебінен басталып, депутаттардың кем-кетіктерді жіпке тізіп, сынауымен өрбіді. Сенат төрағасының өзі бірқатар мәселелердің басын ашып, халықтың 5 процентке жуығының табысы күнкөріс деңгейінен төмен екендігін айтты. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Халықтың жұмыспен қамтылу құрылымына қарасақ, 5 миллионға жуық адам, яғни еңбекке жарамды санаттың жартысы өнімділігі төмен еңбекте жүр. Халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін шешімдердің бірі микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту болып есептеледі. Шешілмей тұрған мәселенің барлығы дерлік ауылды аймақтарда. Әлі ауызсуға жарамай отырған елді мекендер бар. Серік ШАЙДАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Ауылдық елді мекендерде пайдаланушы қызметтердің болмауы және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының тозуы үлкен проблема болып тұр. Салдарынан салынған су құбыры желілері әкімдік аппараттарының балансында қалады немесе міндеттемелерін орындамайтын бейінді емес кәсіпорындарға немесе ұйымдарға сенімгерлік басқаруға беріледі. Жол мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Сенаторлардың сынынан кейін Үкімет басшысының орынбасары биыл үш мың шақырым жергілікті маңыздағы жолдар жөнделеді деді. Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 2023 жылы 7 мың шақырым республикалық маңызы бар жолды және 3 мың шақырым жергілікті желілерді қайта салу және жөндеумен қамту жоспарланған. Жоспарланған шаралардың нәтижесінде транзит көлемі 30% пайызға артады. Жалпы, заманауи көлік инфрақұрылымын құру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, аймақтардың байланысын жақсартады. Соңғы 10 жылда солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халық үздіксіз көшуде. Әсіресе, шекара маңындағы аймақтар қаңырап бос қалуда. Себебі жол, интернет, инфрақұрылым жоқ. Сын мен сұрақтың астында қалған Үкімет, 3,5 мың ауылдың инфрақұрылымы республикалық бюджет есебінен жаңартылып, «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша 736 ауылды көркейту үшін 143 миллиард теңге бөлінеді деді. Ал «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобаларына 2,8 трлн теңге қаралмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Черчесовтің отставкасы ҚФФ басшысының Тоқаевпен кездесуінен кейін нақты шешіледі – дереккөз
Мен әлем чемпионы болған сәттен бастап, бәрі менен қаша бастады – Жәнібек Әлімханұлы
Қазақстандық ауыр атлет Қатарда екі рет рекорд орнатты
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Талғардағы қайғылы оқиға: "боттар шабуылы" жалған болып шықты