Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанның туристік саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған.Мысалы, былтырғы инвестиция көлемі 513,3 млрд теңге болған. Сонымен қатар Қазақстанда аталған кезеңде 400-ден астам туристік нысан салынған. Министрліктің мәліметінше, былтырдан бастап мемлекеттік қолдау шараларымен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар қамтылды. Сонымен қатар туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар беріледі. "Бұдан басқа, ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар авиабилеттері субсидияланады. Шетелдік инвесторларды тартуға, оның ішінде түрлі преференция беру арқылы ерекше көңіл бөлінеді", - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.