Соңғы бір аптада жұмыртқаның да бағасы 100 теңгеге қымбаттаған. Бұған дейін 30 данасын 566 теңгеге алсаңыз, қазір-635 теңге. Бірақ, құзырлылар бұл маусымдық құбылыс дейді. Ал халық алаңдаулы. Баға тағы қалай құбылар екен деп елеңдейді. Қазір жұрт жұмыртқаны жиі пайдаланады. Бір ай бұрынғы баға мен қазіргі бағаның арасы жер мен көктей дейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жататын болған соң өнімнің құнына қарамай амалсыздан алуға мәжбүр екенін айтады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: -30 штугін біз алатынбыз 1600 тг. Ал қазір 2000 тг сатып аламыз. -Бір жұмыртқа 71 тг масқара ғой. 2500 тг 30 штукты аламыз. Күнде жұмыртқа жейміз ғой екі үшеуден. Бағаның өскенін сатушылар да жасырмайды. Дәурен САПАРАЛИЕВ, САТУШЫ: Жұмыртқа бағасы 2000 тг сатылып жатыр. Осыдан 1 ай екі ай бұрын 1800 ден болатын. Қазір 2 мың тг. Сонда да сұраныс бар. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, бұл-маусымдық өсім. Баға динамикасы әрдайым маусымға қарай өзгереді. Жазда жұмыртқа бағасы арзандайды, қыста қымбаттайды. Мамыр айында жұмыртқа арзандайды дейді. Арман ШАҚҚАЛИЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ: Пасхадан кейін мамыр-маусым айларында баға төмендейді. Бағаның күрт құбылмауы үшін тұрақты бағаны ұстауға тырысамыз. Мысалы, бір жылда 10 жұмыртқа үшін 500 теңгеге дейінгі баға сақталады да, қыста қымбаттап, жазда арзандамайды. Ал экономист Сапарбай Жұбаевтің пайымдауынша, елімізде жұмыртқа өндіретін фабрика аз болған соң, баға осылай шарықтауда. Мәселені шешу үшін шағын және орта бизнесті қолдау қажет. Мемлекеттен берілетін субсидияны талан-таражға салмай, кәсіпкерлерге демеу беру керек дейді. Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Бұл мәселені шешу үшін, шағын-және орта бизнеске еркіндік беруіміз керек. Бізде осы мәселе өте қиын. Ауылда біреу кішігірім фабрика салайын десе жер ала алмайды. Жердің барлығы олигархтардың, латуфиндистердің қолында. Мал шаруашылығымен айналысатындарға, құс шаруашылығымен айналысатындарға жерді жеке мүлік ретінде беру керек. Қазір елімізде 5 млрд 100 миллионға жуық жұмыртқа өндіретін 34 құс фабрикасы бар. Халық жылына 5 миллиард жұмыртқа сатып алады.