Соңғы бір жыл әлем тарихындағы ең ыстық мезгіл болды

Тек Қазақстан ғана емес, әлем елдері де туризмді дамытуға ден қойған. Небәрі үш айда 285 миллион тұрғын саяхат жасады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 97 процентке көп. Әсіресе, Индонезия мен Вьетнамға баратындардың саны басым. Десе де кей мемлекеттерде қолайсыз ауа райы туристерді қабылдауға кедергі келтіріп отыр. «Жер-жаһандағы» жаңалықтар туралы келесі айдарда айтамыз. Тізгінді әріптесім Аружан Задабекке беремін. Қайырлы кеш, көрермен! Иә, биыл саяхаттаймын деген халық көп. Бірақ олар баратын елді шертіп тұрып таңдай алмайды. Өйткені қазір біраз мемлекет туристерге жайлы жағдай жасай алмай отыр. Оған қолайсыз ауа-райы себеп. Мәселен, Сауд Арабиясында 8 күннен кейін қажылық рәсімі басталады. Оған біздің елден 5 мың 81 адам кеткен. Отандастарымыз нағыз ыстыққа тап болғалы тұр. Қазірдің өзінде аймақта 240 адам көз жұмған. Мексикада да осыған ұқсас жағдай. Жоғары температурадан 61 адам қайтыс болып, 160 маймыл қырылып қалды. Дэниел СУЭЙН, ҒАЛЫМ:Мексикада бұрын-сонды болмаған оқиға болды. Соңғы үш күн тұрғындар қатты ыстықтан жапа шекті. Температураның жоғарылауы әлі де жалғасады. Расымен, соңғы 12 ай әлем тарихындағы ең ыстық мезгіл болды. Үндістанда ыстықтан 200 адам көз жұмды. Дәрігерлер олардың саны алдағы уақытта 25 мыңға жетуі мүмкін дейді. Бұл мемлекетте ауа температурасының жоғарылауы наурыз айында байқала бастаған. Сол кездің өзінде сынап бағанасы 50 градусты көрсеткен еді. Карло БУОНТЕМПО, КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:Соңғы 12 ай ең ыстық уақыт болды. Мұндай жағдай бұрын болған емес. Бұл оқиғаға бей-жай қарауға болмайды. Сақтық қажет. Ал, Америкалық синоптиктер жергілікті тұрғындарға: «өмірге аса қауіпті аптап ыстық келе жатыр», – деп қазірден дабыл қағуға кіріскен. Метеорологтар 34 млн тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екенін айтады. Олардың дәл бұлай даурығуына себеп бар. Былтыр АҚШ-та соңғы 45 жылдағы ең жоғары температура тіркеліп, ыстықтан 2300-ден адам ажал құшқан еді. Антониу ГУТЕРРИШ, БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:Климаттық өзгеріс деген осы. Қорқыныштысы, ең сорақы жағдай енді басталады. Жаһандық жылыну аяқталды. Жаһандық қайнау басталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
ШҚО қауіпсіздік рейдтері өтіп жатыр
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды