Соңғы екі айда Мәжіліс 18 заң қабылдап, Сенаттың қарауына жіберген

Соңғы екі айда ғана Мәжіліс 18 заң қабылдап, Сенаттың қарауына жіберген. Президент қабылдауында болған Ерлан Қошанов Мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы баяндады. Оның айтуынша, жоспарланған өзгерістерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының жүктеген барлық міндеті тиісті деңгейде және уақытылы орындалып жатыр. Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген. Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасын орындау үшін депутаттар Бюджет, Су, Құрылыс кодекстері, сондай-ақ бірқатар маңызды заң жобалары бойынша бір мезетте жұмыс жүргізуде. Енгізілген әрбір жаңа өзгерісті сарапшылар мен жұртшылық кең көлемде талқылайды, палатаның барлық іс-шарасына бұқаралық ақпарат құралдары мен мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кедергісіз қатыса алады. Сондай-ақ, Ерлан Қошнов «Amanat» партиясының жұмысы туралы мәлімет берді. Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президенттің бастамаларын іске асыру шеңберінде әзірленген партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларына ерекше назар аударылды. Барлық жоба халықтың нақты мәселелерін шешуді көздейді және оларды қоғам қызу қолдап отыр. «Жер аманаты» жобасы аясында екі жыл ішінде 10 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылған. Биылғы жылдың екі айында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 15 мың адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өткен. Жыл соңына дейін тағы да 750 мың азаматты оқыту жоспарланып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қызыл-Жар» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келіссөздер жүргізуде
Қазақстанда 80 млн теңгеден астам жалған банкноттар алынды
"Күзетшілер мен қызметкерлер көмектескен": Қызылордадағы мұнай ұрлығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
“Тазалық көрмеген”: Белгілі блогер халыққа қызмет көрсету орталықтарының әжетханасын сынға алды (ФОТО)
Норвегияда рекордты көлемде табиғи газ өндірілді
Ақтауда елді 90 миллион теңге шығынға батырған күдікті ұсталды
Петропавлда үш ер адам тұрғынды қарумен қорқытып, ақша бопсалаған
Антарктидада 2800 метрлік мұз қабаты бұрғыланды
Елдос Сметов әйелімен бірге Лондонға кетті
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада қандай іс-шаралар өтеді
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады