Бүгін Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендер тәртіп сақшылары келген кезде агрессорларға қарсы өтініш жазудан бас тартып жатады. Былтырдың өзінде осындай 70 мыңнан аса дерек анықталды. Ал екі ай бұрын заңға енгізілген түзетулер зардап шеккендердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік берді.Жалпы жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша полицияға 100 мыңнан аса арыз түседі. "Егер мамыр және маусым айларында әкімшілік жауапкершілікке осындай 5 мың 300 адам тартылса, шілде және тамыз айларында олардың саны 16 мыңнан асты. яғни, 2 есе ұлғайды",- деді Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары