«Геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты бізге өңірдің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді біріктіру аса маңызды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінде айтты.«XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартта аталған игі міндеттерді орындаудың өзара оңтайлы формуласы бекітілген деп ойлаймын.Бүгінде біздің басты міндетіміз – осы құжаттың тезірек күшіне енуін қамтамасыз ету. Бұл Шарт мемлекеттеріміздің кемеліне келгеніне және өз аймағымыздың тағдырын дербес анықтауға дайын екеніне айқын саяси дәлел болады», - деді Мемлекет басшысы. Ол соңғы жылдары «Орталық Азия +» форматы аясындағы ынтымақтастық айтарлықтай жандана түскенін атап өтті. "Аталған форматтар барынша тиімді болуы үшін ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, олардың сапалы мазмұнын бірлесе байыта түсуіміз қажет.Біздің ойымызша, ортақ немесе барынша ұқсас ұстанымға келіп, әлемдік қоғамдастыққа ынтымағымыз бен бірлігімізді көрсету маңызды", - деді Президент.

Соңғы жылдары «Орталық Азия +» форматы аясындағы ынтымақтастық жандана түсті - Президент
Жаңалықтар


































