«Оқушылар енді соңғы қоңырауды тойламайды». Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. «Біз үшін бұл күн неліктен аталып өтілмейді?» деген жастардың көкейіндегі сұрағына оқу-ағарту министрлігі жауап берді. Мерекені мектеп қабырғасында ұйымдастыруға министрлік қарсы емес. Дегенмен, «іс-шараның өту не өтпеуін мектеп басшылығы ата-аналармен келісіп шешеді» дейді вице-министр.Шолпан ҚАРИНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі бар дәстүрлерін қолдайды.Дегенмен де, оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құжаттарында осыған дейінгі жылдарда да, қазіргі уақытта да ешбір уақыттағы нормативтік құжаттарда мұндай шара көрсетілмегендігін жеткіземіз. Соңғы қоңыраулар өткізген жағдайда біздің оқу-ағарту 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне орайластырып, сонын форматында өткізуді ұсынды. Мектеп оқушылары үшін 31 мамыр - соңғы оқу күні. Барлық мектептерде бекітілген кесте бойынша сабақ өтеді, ауысым соңында әр сыныпта тәрбие сағаты болады. Шолпан ҚАРИНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Мұғалімдер сынып сағаттарында оқу үшін жазғы уақытқа әдебиеттердің тізімін ұсынады. Қарауға ұсынылатын фильмдерді ұсына алады. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын айтады.