Олимпиадаға жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында жарияланды, - деп жазды S-Sport телеграм каналы.Күрес түрлерінен соңғы іріктеу турнирі Ыстамбұлда 9-12 мамыр аралығында өтеді. Бұл жарыста әйелдер күресінен Қазақстан намысын қорғайтын балуандар тізімі мынадай: 50 кг: Лаура Ғаниқызы53 кг: Марина Седнева57 кг: Лаура Алмағанбетова62 кг: Ирина Кузнецова68 кг: Елена Шалыгина76 кг: Эльмира СыздықоваҚазір Қазақстан қоржынында әйелдер күресінен Париж Олимпиадасының бірде-бір жолдамасы жоқ.