Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өмірден өткен әкесіне жантебірентер жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы өнер иесі өзінің Іnstagram парақшасына жазып, жариялады."Өмір барда, өлім хақ. Менің бір қанатым, әкем Жәрдемәлиев Серікқұл Сибғатұлы өмірден озды. Жамбасы жерге тиді. Алланың берген 73 жасын жасады. Кеше ғана тауып, жанында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап, 46 жасымда әкемнің жанында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады. Сіңлім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем ішінде қалған ренішті кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған еді. Үзілді… Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне шүкіршілік еттім. Сыртта оқуда жүріп, әкемді соңғы сапарға шығарып салуға үлгермегенім жаныма батты ғой. Тапқаным кеше ғана еді. Бүгін жоғалттым. Жаратқанның жоспары бізге осылай екен. Жаныңыз жәннатта болсын, әке", - деп жазды ол.