Сотта адвокат судьяны ауыстыруды талап етті

«ӨКМ Операторы» ЖШС-ге қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталып жатқан Рустам Темірбектің адвокаты процесті жүргізіп жатқан судьяны ауыстыруды талап етті.«Р.Темірбекті айыптаудың үш эпизоды бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату және тергеушінің өтініштерде баяндалған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 31-тарауының талаптарын орындамауы мәселелері жөніндегі дәлелдерінің ешқайсысы тексерілмеген. Сот оны өз қаулысында теріске де шығармаған. Бұл қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына қайшы және бұл істі алдын ала тыңдау кезіндегі жүйелі тексерістің болмағанын көрсетеді», - деді адвокат Шолпан Сәрсенова сот процесі барысында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта прокурор да, сот та айыпталушының шағымын қарамаған. Яғни, осы бөлікте Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары орындалмай отыр. «Мұндай жағдайларда прокурор шағымды қарағанға дейін іс сотқа жолданбайды. Бұл Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 297-бабы 7-бөлігінде айқындалған», - деп тоқталды Шолпан Сәрсенова. Оның айтуынша, сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында айыпталушылар қылмыстық іске қатысты материалдарымен де таныспаған. Алайда, сот бұл іске қатысты басқа судья тағайындау туралы адвокат өтінішін қанағаттандырмады. Қоса кетейік, бүгін елордада «ӨКМ Операторы» ЖШС-ге қатысты басты сот талқылауы басталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді