Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер, композитор Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдыққанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. "Жуық арада Паркинсон ауыруына шалдығуыма байланысты, күннен-күнге әлсіреуіме байланысты миыма ота жасалу қажет. Қомақты қаражат жинау үшін сіздерден, айналайын Қазақ халқым, көмек сұраймын! Жанұяларыңызға тек жақсылық, зор денсаулық, береке тілегім келеді, әрқашан аман-сау болыңыздар, айналайын жұртым. Алла сіздерге разы болғай!" - деп жазған ол. Бұған дейін өнер иесі бұл ауруға шалдыққанына 15 жылдан асқанын, 2-топтағы мүгедекке айналғанын айтқан. "Түрлі дәрілерді ішуге тура келеді, оларды ішпесем, тіпті сөйлей де, жүре де, тамақты жұта да алмай қаламын. Тіпті 2 рет өлім аузынан қалдым.Оның айтуынша, ота Туркия елінде жасалу керек, ал оған 29 мың доллар (шамамен 14миллион теңге - еск.) қаражат қажет. Айта кетейік, Рамазан Елібаев - танымал әнші әрі композитор. Ол "Нұрекем", "Тұмарым", "Жаным-ау", "Не пая" әндерінің авторы және орындаушысы. "Көздер" -ай", "Жас ұлан", "Балалық қайран бал шағым", "Көңіл күйі" т.б. "Гүлдер" ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.