Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз МС-23» ғарыш кемесі екі тәуліктен кейін Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшып келді.ХҒС ресейлік сегментінің «Іздеу» модулімен бүгін таңертең автоматты режимде түйісті. «Союз МС-23» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерсіз барды. Орбитада ғарыш вахтасында жүрген ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және Анна Кикина «Союз МС-23»жаңа кемесін қабылдауға дайындалуда. ХҒС-68 экипажының ұшу бағдарламасына сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап орбитада жұмыс істейтін Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және америкалық астронавт Франциско Рубио зақымдалған «Союз МС-22»кемесінің орнына келген осы кемемен жерге оралады. 2022 жылдың қазан айында Grew Dragon кемесімен ХҒС-қа ұшқан ғарышкер Анна Кикина осы жылдың наурыз айында Роскосмос пен NASA бағдарламасына сәйкес америкалық әріптестерімен бірге оралады.