Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева ұлымен сырласқан сәтін баяндап берді. Өнер иесі Instagram парақшасында шетелде жүрген ұлының өзінен қашан тұрмысқа шығатынын сұрағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Балам негізі ашылып әңгіме айта бермейді. Нағыз ер мінезді. Танымал болғанды да мүлде қааламайды. Арасында екеуіміз ашылып әңгіме айтамыз. Жақында "Анашым, қашан тұрмысқа шығасыз" деп сұрады. Шетелде жүргендіктен бұл жағдай оны алаңдатады, білем. Мен сөз таппай қалдым. Біраз үнсіздіктен кейін "Алпысқа келгенде" дедім. Балам ойлы көзбен қарап, "Ол тым кеш қой" деді. Ал бүгін мына суретті көріп, пост жазғым келді. Жер бетінде менімен кәрілікті дәл осылай бөлісетін адам табылар деп сенемін", - деді Меруерт Түсіпбаева.Ал желі қолданушалыра әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырды. Олардың бірі әншіге қайта тұрмысқа шығу керектігін айтса, екіншілері қайта күйеуге шықпауға кеңес берді."Жаныңды түсінетін адам болмаса, тұрмысқа шығудың керегі жоқ", "Одан да келін алып, немере сүйіп, солардың қызығын көріңіз", "Алла бұйыртса, бір жігіттің бағы болайын деп тұрсыз", "Жүрегі таза, адал азамат кезігіп, өмірлік серігіңізге айналсын", "Сіз ақылдысы. Ақылды әйелге тұрмысқа шығу қиын", "Мүмкіндік бар кезде тұрмысқа шығып алыңыз", "Ең бастысы, ұлыңыз қарсы емес екен. Тұрмысқа шығып алыңыз", - деп жазды желідегілер.