Ресейдің танымал әншісі Рита Дакота клипмейкера Федор Белогайға тұрмысқа шықты. Жас жұбайлар дүркіретіп той жасаудан бас тартып, тойға кететін қаржыға балалар үйін жөндеп беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.Әнші қыз өміріндегі маңызды жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Ол некеге отыруға самокатпен бара жатқан кездерінен видео жүктеді. 33 жастағы Рита Дакота ақ көйлектің орнына қара спорттық костюм киіп, қолына гүл шоғын ұстап, ақ желек тағып алған. Ал 32 жастағы Федор Белогой жасыл түсті спорттық костюммен шықты.Жақында Рита үйлену тойы болмайтынын мәлімдеді."Той болмайды... Дәлірек айтсақ, адамдардың қиялындағы классикалық той. Үйдің жанындағы неке тіркейтін орталыққа самркатпен барамыз. Ал тойға жұмсаймыз деп ойлаған ақшаға Мәскеу облысындағы балалар үйін жөндеп беретін болдық", – деп жазды әнші. Жас жұбайлар нақты қай балалар үйіне жөндеу жұмысын жүргізетінін шешіп те қойған.