Нысана көздеуден 18 жастағы қазақстандық мерген Зухра Ирназарова Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осылайша Қазақстан құрамасы қоржынына екінші алтын медальды салды. Отандасымыз 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысананы дәл көздеу сынында үздік шықты.1-орын: Зухра Ирназарова — 560 ұпай2-орын: Жие Ри — 554 ұпай3-орын: Оксим Паек — 551 ұпайСондай-ақ Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова және Александра Сәдуақасова командалық сында күміс жүлдеге қол жеткізді.