Степногор қаласындағы ауруханада науқастар құрттаған ас-ауқат ішуге мәжбүр. Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер ұялы телефонға түсіріп алып әлеуметтік желіге жүктеген. Медицина мекемесін енді санитарлар тексергелі жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.Балаларымен ем-дом алуға келген аналар түстік сусынды құрт-жәндікпен бірге қайнатқанын көріп шошыған. Олар тек құрты бар сусынға емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтқан. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан. Оған желінбей, тізіліп тұрған тамақ дәлел. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.