Степногор іргесіндегі Ақсу кентінде түн ортасында Степногор-Заваодской кенті трассасы тұсынан жол бойын тұтастай қою қара түтін мен алапат өрт болып жатқаны жайлы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Тұрғындардың айтуынша, өрт екі түннен бері сөнбей жатыр."Міне, қараңыздар! Халық ұйықтап жатқанда осындай сұмдық болып жатыр. Міне екінші түн болды. Бұдан әрі де жалғасады деп ойлаймын", - дейді желіге тараған видеода.Оқиға жөнінде Степногор қаласы әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдері ресми пікір білдірді."Степногор Су Арнасы" коммуналдық шаруашылығының мәліметінше "305 төбе-қала" су құбырының екінші желісінде апаттан қалпына келтіру шараларын өткізу үшін қазу жұмыстарына дайындау кезінде топырақты қыздыру қажеттілігі туындаған. Сол себепті "Су арнасы" кәсіпорнының қызметкерлерінің күшімен 22 қаңтарда түнгі 23.30-дан 23 қаңтар түнгі 03.00-ге дейін қыздыру жұмыстары жүргізілген. Барлық ісшара кезінде өрт қауіпсіздігі сақталған", - деді Степногор қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдері.