Швеция астанасы Стокгольмдегі Gröna Lund көңіл көтеру саябағында америкалық әткеншектің вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, тағы алтауы жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.Апат салдарынан адамдар бірнеше метр биіктіктен құлаған. Ауруханаға он адам жеткізілген, олардың арасында ересектер де балалар да бар. Зардап шеккендердің үшеуі ауыр жарақат алған, тағы үшеуі жеңіл жарақат алған, бір ер адам қаза тапқан. Сондай-ақ, бірнеше адам әткеншекте тұрып қалған. Оларды құтқарушылардың көмегімен жерге түсірген.Куәгерлердің айтуынша, осы оқиғадан кейін келушілерді көңіл көтеру саябағының аумағынан шығуды өтінген. Оқиға орнына құтқарушылар, дәрігерлер жеткен, тікұшақ көтерілген.