Студент есірткі сақтаған

ШҚО полицейлері кәмелетке толмаған есірткі қойып кетушіні ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ ҰҰ 5518 ә/б арнайы жасағымен бірлесіп Өскемен көшелерінің бірінде аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтаған деген күдікпен 17 жастағы студентті ұстаған. Тәртіп сақшылары дереу тінту жүргізу кезінде жас жігіттің сырт киімі мен шалбарының қалтасынан спецификалық иісі бар, ақ түсті ұнтақ оралған 20 ораманы тауып, тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 21,65 грамм болатын Альфа-ПВП психотроптық заты болып табылады, ал бұл – 70 реттік дозаны құрайды. Polisia.kz дерегінше, ұсталған адам екі айдан артық уақыт бұрын қойып кетуші болып жұмысқа орналасқаны, “жұмыс” туралы әлеуметтік желілерден білгені туралы түсініктеме беріпті. Ол жұмыс ақысын биткоин-әмиян арқылы алған. Студент «тауарды» қаланың шетінен тауып отырған, бұл жағдайда ол жетекшісі көрсеткен жерден есірткі толтырылған 20 пакетті алып, оны дереу жасырын жерлерге қоюға тиіс болатын. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасының кепілгерлігіне берілді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Депутат еліміз транзиттік әлеуетін толыққанды жүзеге асыра алмай отырғанын айтты
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті