Елордада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті студенттері Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. Олар онда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына көктемгі егіс жұмыстары мен күзгі астық жинау, жем-шөп дайындау жұмыстарына көмек көрсететін болады. Студенттер осылайша тәжірибе толыстырмақ. Оларға жатын орын мен үш мезгіл тамақ қарастырылған.Ержан АХМЕТОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ДОЦЕНТ: Бүгінгі таңда 50 студентімізді ең бірінші СҚО-на екінші 25 студентімізді ТОО «Шахтерский» жіберіп жатырмыз. Сонда технологиялық процестін бүкіл процеске қатысып өздерінің теориялық білімдерін тәжірибеде өңдірістік тәжірибе де шындап жақсы инженер болып шығады деп біз кәміл сенеміз. Ақан ЗАКЕНОВ, СТУДЕНТ: Мақсатым теориялық алған білімімді тәжірибе жүзінде сына яғни, болашақта осы мамандығыма үлкен бір дайындық ретінде тәжірибеден өткім келеді.