Студенттердің атына несие рәсімдеген комендатқа қатысты сот үкімі шықты

Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотымен бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады Zakon.kz.Сотта сотталушы С. жоғарғы оқу орнына қарасты жатақхананың коменданты қызметін атқара жүріп, 2021 және 2022 жылдары аралығында студенттер мен жатақхана қызметкерлерінің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен интернет-банкинг қызметі арқылы тауарлай және ақшалай несие ресімдеу арқылы барлығы 16 жәбірленушіге жалпы көлемі 24 миллионнан астам сомада материалдық шығын келтіргені анықталды. "Сотталушы С. 2021 жылдың қазан айында жәбірленуші Д-ның өзіне сенім артатынын біле отырып, құжаттарын жұмыс бабымен деген желеумен сұратқан. Жәбірленушінің жеке басын куәләндыратын құжаттарды алған соң, С. микроқаржылық ұйымнан 600 мың теңгеге жуық тауарлай кредитті жасырын рәсімдеп, тауарды сатып, өз пайдасына жаратқан. Бұдан соң, С. жәбірленуші Д-ны несиені толық жауып тастаймын деп алдап, микроқаржылық ұйымнан 560 мың теңге тағы несие алдыртқан. Қолында Д-ның жеке бас мәліметтерінің пайдаланған сотталушы, әртүрлі микроқаржылық ұйымдардан жасырын түрде қосымша байланыс ретінде өзінің ұялы нөмірін көрсете отырып, Д-ның атынан микронесиелер алып, жалпы 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі. Бұдан бөлек, сотталушы С. осыған ұқсас жағдайларда және әртүрлі желеумен 15 студент пен жатақхана қызметкерлеріне қатысты алаяқтық жасап, оларды 22 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратқан. Прокурор сотталушы С-ны қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, барлық мерзімге пробациялық бақылау орнатуды сұрады. Сотталушы С. тағылған айыпты мойындап, шын ниетпен өкініп, өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. "Жәбірленушілер сотталушыны кешіріп, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Сот С-ны ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау орнатты", делінген сот хабарламасында.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады