«Су басқан ауылдарға төтенше жағдай жариялануы мүмкін», - министр

Түркістан облысындағы нөсер жауынның салдары жойылуда. Мамандар жиналған суларды тазартып жатыр. Эвакуцияланған халық біртіндеп үйлеріне орала бастады. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин аймаққа барды, су басқан үйлердің жағдайын көрді.Анар Гаипованың үйінің жертөлесі өткен тәулікте түгел суға толды. Төтеншеліктер арнайы құрылғымен суды сорып алғанмен баспанасы құлап қалады ма деген қорқынышы басым. Аулаға көлкіген қарқын судан бір апта бұрын түсірген 4,5 тонна көмірі де суға ағып кетіпті. Тіпті мал азығы да жарамсыз болып қалған. Анар ГАИПОВА, ШАҒА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қораның ахуалы анау, үйлердің бәрі трещина берді. Әбіржіп жатырмыз. Өзім бір өліп, бір тірілдім. Енді білмейм, өкіметтен көмек болады ма болмай ма?! Екі күн болды ұйқы жоқ, үйді басып қала ма деп. Түркістан облысында Сауран ауданынан бөлек, Түркістан, Кентау қалалары мен Ордабасы Бәйдібек, Арыс аудандарына да қарғын судан қауіп төнген болатын. 21 елдімекен су ортасында қалды. 200-ден астам адам эвакуацияланды. Мыңға жуық төрт түлік қауіпсіз аумаққа шығарылды. Арнайы жұмылған күш құм толтырылған қаптармен судың жолын бөгеп, жағдай бүгін біршама реттеліп қалды. Айта кетейік, әзірге құлаған баспана туралы мәлімет жоқ. Адамдар аман. Тек бірлі жарым қора-қопсының қирағаны айтылуда. Мал шығыны бар. Бәйдібек ауданында 36 қой өлген. Төтеншеліктер судың ағысы азайып, тартылғанымен өңірде әлі де қауіп сейілмегенін айтады. Бақытжан ЗАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы облыс аумағында су сейілгенмен , облыс аумағында әлі қауіп бар деп біз есептейміз. Себебі таулы аймақтарда Төлеби, Қазығұрт ауданында таулы аймақта әлі қар жатыр. Ол жақтарда жаңбыр жауған жағдайда осындай төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін. Бүгін өңірге Төтенше жағдайлар Министрі Юрий Ильин арнайы жұмыс сапарымен келді. Ол Сауран ауданының төрт елді мекенінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ешкім көмексіз қалмайтынын жеткізді. Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Дәл қазір аулалардың басым бөлігінде су қалмады деуге болады. Су кірген үйлерге келетін болсам бұл ауылдарда төтенше жағдай жариялауымыз ықтимал. Бұл жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, баспаналарды қалпына келтіру үшін жасалмақ. Барлық күш жеткілікті. Қауіптің алдын алу үшін осы төңіректі тағы бір шолып шығамыз. Арыс өщені бақылуда болады. Сондай-ақ Шардара су қоймасы да барынша бақылауда. Мамандар Сырдарияға көршілес елдерден келіп жатқан судың мөлшері жоғары екенін айтады. Шардара су қоймасында су деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда мың текше метрге артық. Егер ауа райы дәл осы күйі жылып кетсе Арнасайдан бөлек, Қызылорда облысына қарай көп мөлшерде жіберуге тура келуі мүмкін дейді министр. Айта кетейік, Шыымкент пен Түркістан облысында алдағы күндері мол жауын-шашын күтілуде. Қазгидромет мамандары, Түркістан облысыны аумағында әсіресе таулы аудандарда 10-ақпанға дейін жаңбыр мен қар барын ескертіп отыр. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Жетісудан" кеткен Қайрат Нұрдәулетов жаңа клуб тапты
Президент Энергетика министрін қабылдап, бірнеше тапсырма берді
Алматыда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі жылусыз қалды
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды