Су басқан аймақтардан 112,5 мың мал эвакуацияланды

Су тасқыны салдарынан қырылған мал саны 7 мыңнан асты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин айтып берді.«Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде су басу аймақтарынан қауіпсіз учаскелерге 112,5 мың бас мал эвакуацияланды. Өлген мал басы бойынша деректер үнемі жаңартылып отырады, бүгінгі таңда 7 035 мал тушасы анықталды, олардың басым бөлігі ұсақ мал», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өлген мал-жануарды жинау және жою жұмыстарын жалғастыруда. «Еске салайық, топырақта сібір жарасы спорасының болуына жүргізілген талдау теріс нәтиже көрсетті. Бүгінгі күні су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдай тұрақты және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында», - деп еске салды О.Тілебалдин. Сондай-ақ, су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб хаттамасымен өлген мал құнын өтеу алгоритмі бекітілді. Аталған алгоритмге сәйкес су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иелері өтемақы алуға құқылы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Астана» Ақкөлде әлеуметтік акция өткізді
Алматыда әскери қызметшілер майдангерді құттықтады
Қант диабеті бар жандарға жаңа жылдық дастарханнан жеуге болатын тағамдар аталды
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды
Тәртіп сақшысының қайырымды ісі көпшіліктің жүрегін елжіретті
Астанада 24 мектеп ашылды
Оңтүстік Кореяда жеті күндік аза тұту жарияланды
Моңғолиядағы қазақ балуаны «Президент кубогында» екінші орын алды
Қызылордада есірткі притоны жойылды