Су басқан аймақтардан 112,5 мың мал эвакуацияланды

Су тасқыны салдарынан қырылған мал саны 7 мыңнан асты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин айтып берді.«Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде су басу аймақтарынан қауіпсіз учаскелерге 112,5 мың бас мал эвакуацияланды. Өлген мал басы бойынша деректер үнемі жаңартылып отырады, бүгінгі таңда 7 035 мал тушасы анықталды, олардың басым бөлігі ұсақ мал», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өлген мал-жануарды жинау және жою жұмыстарын жалғастыруда. «Еске салайық, топырақта сібір жарасы спорасының болуына жүргізілген талдау теріс нәтиже көрсетті. Бүгінгі күні су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдай тұрақты және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында», - деп еске салды О.Тілебалдин. Сондай-ақ, су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб хаттамасымен өлген мал құнын өтеу алгоритмі бекітілді. Аталған алгоритмге сәйкес су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иелері өтемақы алуға құқылы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанай – Алматы әуе рейсінде жолаушы көз жұмды
Оралда БТР мен патрульдік полиция көлігі соқтығысып қалды. Видео
25 мамыр. Астанада мектеп бітіру кешіне рұқсат етілмейтін болды
Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясының директорлар кеңесі бас қосты
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы еліміздің тұрақты өкілі тағайындалды
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Алматыда өте сирек кездесетін ақшыл секпілгүл бүр жарды
Еліміздің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
«Тобыл» клубының басшысы төрешілерден қиянат көріп жатқанын айтты
Жанар Айтжан қызметінен кетті
Депутат мектеп бағдарламасына тағы бір пән енгізуді ұсынды
Қайрат Омаров БҰҰ жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды
Су тасқыны. Индербор кентіне апаратын жол бүгін ашылады
Алимент төлеуден жалтарған ер адам "қайтыс болғанын" жария еткен
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Президент Маңғыстау облысының әкімін қызметінен босатты
Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы әкімі қызметінен кетті
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Виктор Цойдың ұлы әкесіне арнап клип шығарды
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
«Арзан тауар сатамыз». 60-тан аса адамды алдаған күдікті анықталды
Алимент төлеуден жалтарған ер адам "қайтыс болған"