Су басқан аймақтарға жан-жақтан көмек келіп жатыр

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Тасқыннан зардап шеккен қызылжарлықтарға елдің түкпір-түкпірінен халық қол ұшын созып жатыр. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарынан 200 тоннадан артық гуманитарлық көмек келген. Заттарды жиыстыруды “AMANAT” партиясы мен еріктілер қолға алды. Олар төрт бекет бойынша барлық затты қабылдап, артынша арнайы тізімге сәйкес оны халыққа таратып жүр. Жеңіс АСАНОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ СҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫ:Гуманитарлық көмек ретінде біз күніне бірнеше фураны қабылаймыз. Ішінде резеңке етік, су сорғылары, генератор және азық-түлік сияқты қазіргі кезде ең қажетті заттар бар. Біз бұл жерде гуманитарлық көмектің барлығын жинап, облыс бойынша таратып жатырмыз. Ел жұртына отандастарын қиын жағдайда құтқарып жатқандары үшін мың алғыс. Асқар ҚАБДУЛ, “ТОРҒАЙ ПЕТРОЛЕУМ” КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:Су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар халқына Қызылорда облысының әкімдігі, бас демеуші Торғай Петролеум АҚ және облыс халқының атынан көмекке екі жүк азық-түлік, құрал-сайман және тағы басқа көмекке қажет аманатты жеткіздік. Ал, Павлодардан Петропавлға 20 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Бұған дейін де тасқыннан зардап шеккен Ақмола өңіріне де жүк көлігі жөнелтілген болатын. Бұл жолғы көмекті «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы, мәслихат депутаттары, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар жинады. Ішінде тұрмысқа қажеттінің бәрі топтастырылған. Азық-түліктен бөлек, көрпе-жастық, су етік, қайық, күрек секілді құтқару құралдары да бар. Күні кеше ғана павлодарлық белсенді азаматтардың атынан да екі фура көмек аттанған болатын. Ал ертең Қостанай облысына да гуманитарлық көмек жіберіледі. Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ Бүгінгі таңда Солтүстік қазақстанға 20 тонна гуманитарлық көмек апарылды. Су, керек заттар, күрек, гигиеналық заттар, ыдыстар. Мотопомпа дейміз. Осыны Солтүстік Қазақстанға жіберіп жатырмыз. Ризат РАХЫМЖАНОВ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Сәуір айының басынан біз осылай гуманитарлық көмекті жинауды жүргізіп жатырмыз. 12 күні жібердік. Ақмола облысының Атбасар мен Астрахан ауылына барып, көмекті жеткіздік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Михаил Кавелашвили Грузия президенті қызметіне кірісті
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Нағыз бауыр осындай болады - Әзербайжан президенті Қазақстанға алғысын білдірді
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты
Еліміздің үш облысында жол жабылды
Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды
Ертең еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды