Су басқан өңірлерде 400-ге жуық баспананың құрылысы басталды

Су тасқынынан зардап шеккен 13 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды. Ол үшін бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан және бірқатар облыста арнайы комиссия құрылды. Оған 22 мыңнан аса тұрғыннан өтініш түскен. Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы тасқыннан келген шығынды әлі есептеп біткен жоқ. Жұмыс әлі жүріп жатыр. Үкімет су сергелденге салған мыңдаған адамға өтемақы беруге уәде берді. Қазір зардап шеккен өңірлерде 3956 тұрғын үй тексеріліп, 2649 нысан бағаланды. 524 үйді жөндеу үшін үкімет 670 миллион теңгеден аса қаржы бөлді. 5 өңірде 400-ге жуық баспана құрылысы басталды. Зардап шеккендер үшін тұрғын үйді қалпына келтірудің үш механизмі бар. Бірінші ұсыныс - жаңа үй салу. Екінші - бүлінген баспананы жөндеу. Ол болмаса нарықта дайын тұрғынын сатып алу. Меруерт ИБРАЕВА, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 5 өңірде 34 мердігер компания 398 үй салуға кірісті. Сонымен қатар, Қостанай облысында әкімдік 31 пәтер сатып алып, зардап шеккен отбасыларға берді. Тасқын судың зардабын тартқан әр адам мемлекет тарапынан өтемақы ала алады. Ол үшін, алдымен, жергілікті атқарушы органға өтініш жазу керек. Әкімдік құжатты тіркеп, азаматқа түбіртек береді. Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Оның 10 күні өткеннен кейін мүлікке келген залал мөлшері бағалануы тиіс. Сөйтіп әкімдік өтемақы төлеу туралы шешім шығарады. Осыдан кейін 30 күн ішінде зардап шегушіге өтемақы төленеді. Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ: Су тасқынана кеткен шығындардың өтемақы ретінде біздің ұлттық компнаиялар, жеке компаниялар, қарапайым азаматтар 154 млрд теңгеден астам қаражат жинаған екен. Үкіметтің резервінде 465 млрд теңге қаражат бар. Жалпы қаражат жағынан барлық шығындарды жабуға мүмкіндігіміз бар. Өтемақы кімдерге беріледі? Қалай беріледі? Мұның барлығы заңда анық жазылған. Онда егер азамат табиғи апаттан зардап шексе, мемлекет ең төменгі қажеттілігін қанағаттандырады деп көрсетілген. Яғни, баспанасын ретке келтіруі тиіс. Ал басқа бағалы заттарын өтеуге міндетті емес. Қазір Үкімет осыған сәйкес жұмыс істеп жатыр. Заңгер Жандос Тұяқов, өзге мемлекеттерде сақтандыру жүйесі бар екенін айтады. Сол арқылы ондағы тұрғындар автоматты түрде шығынның өтеуін ала алады. Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:  Міндетті түрде сақтандыру болса ол толық көлемде жүзеге асыруы керек. Ондай заң жобасы бізде әзірге жоқ. Оны солай келтіру керек. Яғни, халыққа альтернативо қалдыру керек. Сіз егер сақтандырсаңыз, сіздің мүлкіңіз толық көлемде қанағаттандырылады. Қазірдің өзінде 13 мың отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды. Оның көлемі, шамамен, 5 миллиард теңге. Шығынды өтеу әлі де жалғасады. Бұл - Үкіметтің қатаң бақылауында. Президент тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығына жан-жақты көмек пен қолдау міндетті түрде көрсетіледі. Ешкім назардан тыс қалмайды. ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ:Тексерілді – 3956 Бағаланды – 2649 Жөнделді – 524 Бөлінген қаржы – 670 миллион 400 баспана - Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, СҚО.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апаты болған жерді суретке түсірген блогер қамауға алынды
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады
Ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін