Су басып қалды: Атырау билігі мәселені неге шеше алмай жатыр?

Атырау билігі қаланы басқан топан сумен әлі де күресе алмай жатыр. Бір айдан бері осы жағдайда отырып, күдерін үзген жұрт қазір үй ішіне кірген суды шелектеп шығаруға көшкен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.Қала тұрғыны Наталья Пискунованың 1 айдан бері аяғына резеңке етігін киіп, таң атысымен үйіне кірген суды шелектеп тасып әлек. Онсыз да апатты деп танылған үйінде күнін әрең көріп отырған келіншек ықшамауданды су басқалы бірде-бір шенеунік ел жайын естуге келмегенін айтты. – Көріп тұрғандарыңыздай, үй апаттық жағдайда тұр. Су басып кетті. Жауын-шашын өте көп жауды. Қарды тазалап сыртқа шығардым. Алайда оны ешкім алып кетпеді. Күн жылынып, қар еріп қайта аулаға кірді. Әкімдіктегілер мәселемді біле тұра, көмектескісі келмеді, – деді қала тұрғыны Наталья Пискунова. Ал Рая Асанғалиеваның үйі құлауға шақ. Зейнеткер қазір үйіне терезе арқылы секіріп кіруге мәжбүр. Бес жыл бұрын бұл азаматтың да баспанасы апатты деп танылған. Ол «не кезегім жылжымады, не жаңа баспана бұйырмады» деп зар илеп отыр. – Бізге көмек керек. Үйді «кезек-кезегімен аласыз» дейді, қалай аламыз? Кезекті алға қарай емес, артқа жылжытып жатыр. Қазір кезек саны 36-да тұр, негізі 29-орында тұрғанмын. Жаңбыр, қар жауғанда су аулаға кіреді. Қазір еденнің асты толған су, дымқыл тартып тұр, – деді қала тұрғыны Рая Асанғалиева. Ал «Арнаулы автобазаның» мамандары қала аумағындағы жұмыс толық жүргізіліп жатқанын айтып ақталды. Олар қар тазарту жұмыстары ықшамаудандарда жүйелі жүргізіліп жатқанын айтты. – 10-21 ақпан аралығындағы шығарылған қар көлемі 41 060 текше метр, су көлемі 49 800 текше метрге жетті. 60-қа жуық техника жұмылдырылды. Қазір аяз тұрып, су көлемі азайды. Алайда мұз ойып, шығару жұмысы жалғасуда, – деді Арнаулы автобаза» ЖШС оң жағалау басқарма басшысы Күләнда Әжіғалиева. Ел мұңын айтқанда естілетін осындай жауаптан Атырау жұрты шаршаған. Азаматтар топан су, лай-батпақсыз мамыражай күн кешуді қалайды. Ал көлемді судың келетін күнін білсе де, амал қылмаған ақжағалылар талапты тыңдамаса, көпшілік бір айға созылған апатты айтып, Үкімет басшысына хат жолдамақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі