Филиппинде аптап ыстықтан су қоймасы құрғап, көне қаланың орны табылды. Тұрғын үйлердің, 19-ғасырға тиесілі шіркеуімен түрлі қорымдардың белгілері көрінген. Енді аймаққа туристер ағыла бастады. Филиппинде ыстықтың беті қайтпай тұр. Аптапқа байланысты мектептер жабылды. Кейбір өңірлерде температура бағаны 50 градусқа жеткен,-деп хабарлайды 24.KZ.