Су мамандары даярланады

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су мамандарын даярлау үшін 9 отандық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойдыЕнді оқу орындарының студенттері «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.Сонымен қатар спикер өңірлердегі су тасқыны жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазсушардың Батыс Қазақстан облысындағы филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. «Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Сергеев су қоймасының жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 175 см–ге дейін төмендеді. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті», - деді ведомствоның ресми өкілі.Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83%. Су тасқыны жалғасуда. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.«Су қоймаларының толуы туралы бұл көрсеткіштер тасқын суды өткізу процесінің бір бөлігі. Өзендерде су деңгейінің артуын және елді мекендерді су басуын болдырмау үшін су қоймаларда жиналып, қауіпсіз көлемде өзендерге немесе каналдарға ағызылады. Сондықтан, мысалы, су қоймалары 100% толы деп айтқанда, бұл су қоймасы енді су қабылдай алмайды және су басу қаупі бар дегенді білдірмейді. Су қоймаларында жиналған су кейіннен ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте пайдаланылады», - деп түсіндірді Мөлдір Әбдуалиева.@ortcom_kz #CCS

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі валюта бағамы тағы өзгерді
Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Полицейлер мен әкімдіктер қауіп-қатерлерді алдын ала анықтауы қажет – Бектенов
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты
Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)