Су ресурстары мен ирригация министрлігі ұлттық гидрогеологиялық қызметті құруды көздеп отыр

ОКҚ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева атап өткендей, соның арқасында ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері бақылауға алынады. Сондай-ақ іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік мониторинг жүзеге асырылатын болады.Қазіргі уақытта Министрліктің негізгі күш-жігері өзендердің ағынын реттеу және тасқын суларды өткізу үшін барлық гидротехникалық құрылыс пен су қоймаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы сағатқа қарай еліміздің су қоймаларындағы жағдай былайша қалыптасуда: Ақмола облысының екі ірі су қоймасының орташа толтырылуы 99%-ды құрайды, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істейді. Су тасқыны шыңы өтті; Ақтөбе облысының екі ірі су қоймасының орташа толтырылуы да 99% -ды құрайды, нысандар транзиттік режимде жұмыс істейді, су ағынының төмендеуі байқалады. Су тасқыны шыңы да өтті; ШҚО-да бес ірі су қоймасының орташа толтырылуы 62%-ды құрайды, олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Осы аптада су тасқыны шыңы күтілуде; БҚО-да 4 ірі су қоймасы орташа есеппен 60% -ға толтырылды, ол штаттық режимде жұмыс істеуде. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтіледі; Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы толығымен толтырылды, оларда су тасқыны шыңы өтті; Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа толтырылуы 96% құрайды, оларда су тасқыны байқалады. «Қаратомар су қоймасы бойынша шиеленісті жағдай сақталуда. Су қоймасына құйылатын ағын секундына 2425 текше метрді құрайды, секундына 2640 текше метр су жіберіледі. Бірақ сағат сайын ағынның төмендеуі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% - ға толды, су әлі келіп жатыр», - деді Мөлдір Әбдуалиева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Өңшең банда, фанерщиковтердің құтырған шоуы»»: Ерлан Төлеутай Жаңа жылда «іш пыстырған» телеарналарды сынады
Си Цзиньпин Қытайдың елімізге ешқашан зиянын тигізбейтінін айтты
Ресми: «МЮ» аңыз ойыншысына сенім артты
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді