21 министрліктің 11-і ғана су ресурстарын басқару саласында тікелей өкілеттікке ие. Бұл саладағы саясаттың жетілмегендігін, бірыңғай тәсілдердің жоқтығын көрсетеді. Сенатор Жанболат Жөргенбаев депутаттық сауалында осылай деді. Ол су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы кей құзыреттерді қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ, су тұтынуға кешенді бағалау жүргізуді және су ресурстарын басқару стратегиясын әзірлеу туралы айтты. Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:Аталған 11 министрліктің қазіргі жағдайы мен құзыретіліктерінің бөлшектенуі су ресурстарын басқару саласындағы саясаттың жетілмегендігін, бірыңғай тәсілдердің жоқтығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, су ресурстары көрсеткіштерінің сәйкессіздігі мен бірыңғай деректер базасының жоқтығы да бөлек қарастырылуы тиіс.