Су тасқыны. Әлем әбігер үстінде

Бразилияның оңтүстігіндегі тасқын салдарынан көз жұмғандар саны 29 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасаған Нью-Йорк Таймс басылымы хабарлаған. Тағы 60 кісі із-түссіз жоғалып кеткен. Табиғи апатқа байланысты Риу-Гранди-ду-Сул штатында төтенше жағдай жарияланды. 10 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалып, жүздеген көпір мен жол қираған. Кейбір елді мекендер жарықсыз отыр. Ел президенті Луис Инасиу да Силва тасқын жайлаған аймаққа барды. Педро Камарина, зерттеуші: - Біздің аймаққа алдағы онжылдықта Эль-Нино және Лә-Нина табиғи құбылыстары бірдей әсер етпек. Бір жағынан су тасқыны жүріп, екінші жағынан құрғақшылық орнап, халыққа ауыр тигелі тұр. Апаттан көз ашпайтын түріміз бар. Су басқан қорықтағы адамдар құтқарылды Кения тасқын салдарымен күресіп әлек. Билік атақты Масаи-Мара қорығындағы қонақ үйдің қызметкерлері мен туристерді құтқарды. Жауын-шашын салдарынан өзен тасып, жүзге жуық тұрғын сырт әлемнен оқшауланып қалған. Құтқару ісіне тікұшақ тартылды. Кейбір адамдар ағаштың басына шығып алған. Бұл елде нөсер наурыздан бері толастаған жоқ. Кейінгі 2 айда табиғи апаттан 181 кісі ажал құшып, 200 мыңнан астамы үйін тастауға мәжбүр болған,-деп хабарлайды 24.КZ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып қайта сайланды
Ақтау маңына құлаған ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары басталды
eGov-та жаңа функция пайда болды
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды