Су тасқыны: Батыс Қазақстанда 138 елдімекен ерекше бақылауға алынды

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына байланысты 138 елдімекен, авто және темір жолдардың 128 учаскесі ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.БҚО ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегеновтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткендей, аталған елді мекендерге қардың еруі мен өзендерде судың арнадан асуына байланысты қауіп төнуі ықтимал. Мысалы, наурыз айының аяғы мен сәуірдің басында өзендердің тасуына байланысты 32 елдімекенде қауіп сақталады. Бұл бастауын Ресейден алатын Жайық, Деркөл, Қараөзен, Сарыөзендерден судың келуіне байланысты. Өткен жылы облыста Жәнібек ауданында Жақсыбай, Қаратөбеде Шалғын ауылдарын су басқаны белгілі. Күні бүгін Жақсыбайда қар жоқ болғанымен, Ресей жақтан еріген судың келіп қалуы мүмкін. Сондықтан бұлардың бәрі де бақылауда. «Қазіргі кезде облыста күрделі гидрометеорологиялық жағдай қалыптасып отыр. Соған байланысты Орал мен Ақсай қалаларынан, ауылдардан қар шығару, су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Авто және темір жолдарда су өткізетін 614 тұрба тазартылды. Облыс бойынша барлығы 722 техника, 88 жүзу құралы, 265 мотопомпа, жеке құрамнан 3368 адам толықтай дайындыққа келтірілді. 18 225,5 тонна инертті материалдар, 109 304 дана қапшық әзірленді. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болған жағдайда 61 875 адамға 280 пункт дайын. Төтенше жағдай болмас үшін тұрғындардың өздері де алдын ала қамданып, аулаларындағы қарды шығаруы қажет», деді Е.Өтегенов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
ӘЧ: Қазақстандық спортшылар үшінші рет ел рекордын жаңартты
Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді
85 млн теңге қарыз: Түркістан облысында заңды белшеден басқан жүргізуші ұсталды
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты
Әлемнің әр түкпірінен WhatsApp істен шыққаны туралы хабар тарап жатыр
"Дарын" жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Астанада көшенің ортасында көлік өртенді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Екібастұзда жылу желілерінің жарылуы салдарынан 10 жастағы бала күйіп қалды
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды: қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда тұрғын үй өртенді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?