Батыс Қазақстан облысында апаттық-құтқару жұмыстарына 8 241 адам жұмылдырылды.Жедел штабтан мәлім еткеніндей, соның ішінде ҚР ТЖ министрлігінен – 1 191, Ішкі істер министрлігінен – 467, Ұлттық ұланнан – 865, Қорғаныс министрлігінен – 600, жергілікті атқарушы органдардан – 2 901, ҰҚК-ден – 4, ұйымдардан 2 213 адам су тасқынымен күреске атсалысуда. Сондай-ақ 1 609 техника, 202 су соратын мотопомпа, 158 жүзу құралы, 2 тікұшақ тартылған. Су тасқыны басталғаннан бері 13 754 адам көшіріліп, құтқарылса, соның 5 710-ы – балалар. Қазіргі кезде эвакуациялық пункттерде 2 323 адам бар.Облыс бойынша 4 924 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. 2 406 бас ауыл шаруашылығы жануары шығынға ұшыраса, соның 119-ы – үй құстары. Гуманитарлық жүк қабылдау жөніндегі облыстық штабқа 5 сәуірден бері 569 527 кг көмек жеткізілсе, соның 75 тоннасы әуе кемелері, 494 527 килосы авто және теміржол көлігі арқылы әкелінген.